«Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 410 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау және (немесе) өндіру кезінде есепке алу-бақылау маракаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары;