(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БЕЙБIТ УАҚЫТҚА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қ...

Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабы 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылының бастығы:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін осы бұйрықтың көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

3) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын;

4) жабдықтар мен асханалық-ас үйлік ыдыстарды және азық-түлік қызметінің техникасын сатып алуды кезең-кезеңімен республикалық бюджеттен тиісті жылға бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.

4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

 

И. Тасмағамбетов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 ж. 1 шілде

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің

2015 жылғы 18 маусымдағы

№ 353 бұйрығымен

бекiтiлген

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.