«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 56-ө өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша):
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын.
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (келісу бойынша) есепті тоқсаннан кейін айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.