«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 652/НҚ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 652/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 «Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларында:

1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

«2-тарау. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі»;

7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес іріктеу басталғанға дейін бір ай ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру орналастырады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.»;

3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкерлікке кандидат мәртебесін беру тәртібі»;

«4-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру тәртібі»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.