(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ДИПЛОМАТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ ...

Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 941 Жарлығы

(2011.04.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2002 жылғы 29 тамыз

№ 941 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес қолданылады және дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртібін реттейдi.

 

 

2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі

 

2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:

1) атташе;

2) үшiншi хатшы;

3) II сыныпты екiншi хатшы;

4) І сыныпты екiншi хатшы;

5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;

6) I сыныпты бiрiншi хатшы;

7) II сыныпты кеңесшi;

8) І сыныпты кеңесшi;

9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.

ҚР Президентінің 2011.04.03. № 1167 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Төтенше және Өкілетті Елші, І және II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.