Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 430 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер және әлеуметтік-психологиялық жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 30 қазандағы
№ 430 бұйрығымен бекітілген
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету
стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес әзірленді.