Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 155-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:
259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«259. ӘК, сондай-ақ іздестіру-құтқару жұмыстарымен айналысатын ӘК мен жер үстіндегі қызметтердің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 123,1 МГц жиілігінде қосымша радиожелі ұйымдастырылады. Бұл ретте, жеке (резервтік) радиостанция пайдаланылуы тиіс.»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымшада:
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Ақпарат құжаттау құрылғыларында қатты дискілерде жазылып, сақталады. Қатты дискілер толған кезде ондағы ескі ақпарат автоматты түрде өшіріледі және оның орнына жаңа ақпарат жазылады. Қатты дискілер көлемі кемінде 30 тәулік мерзімге сақталатын ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.».
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.