Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 Қаулысы
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 Қаулысымен күші жойылды
Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес ҚАУЛЬІ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:
- көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».
2) 6-тармақ пен 1, 2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;
3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:
10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;
10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».
4) 12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».
5) Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
| Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
М. Танауов |
Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 24 қаулысына
1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу
өлшемшарттары
| № | Объектілер/салалар **** | Жасыл аймақ |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)* | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай |
| Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | + тәулік бойы | |
| Жазғы алаңдар | + | |
| Фуд-корттар | ✓ толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай | |
| Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде | |
| Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай | |
| 2. | Сауналар, моншалар | + |
| 3. | СПА-орталықтар | + |
| 4. | Бассейндер | + |
| 5. | Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | + |
| 6. | Мәдениет объектілері (дайындық) | ✓ 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
| 7. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | ✓ 50%-дан асырмай толтыру |
| 8. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + |
| 9. | Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар | + |
| 10. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | + |
| 11. | Бильярд | ✓ 50%-дан асырмай толтыру |
| 12. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | ✓ 60%-дан асырмай толтыру |
| 13. | Боулинг | ✓ 50%-дан асырмай толтыру |
| 14. | Караоке | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде |
| 15. | Океанариум | ✓ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)| |
| 16. | Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | жеңілдіксіз |
| 17. | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| 18. | Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезіндегі | |
| 19. | Цирктер | ✓ 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
| 20. | Отельдер, қонақ үйлер | + |
| 21. | Әуежайлар | + |
| 22. | Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері | + |
| 23. | ХҚО | + |
| 24. | Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері | + |
| 25. | Базарлар (жабық) | + |
| 26. | Балаларды сауықтыру ұйымдары | + |
| 27. | Букмекерлік конторалар | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| 28. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша) | + |
| 29. | Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал) | + |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.».
Атырау облысының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 24 қаулысына
2-қосымша
«Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын
әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
| р/н | Объектілер/сала **** | Жасыл аймақ |
| 1 | 2 | 4 |
| 1. | Салтанатты, есте қаларлық, отбасылық іс-шараларды өткізу (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай |
| 2. | Көптеген адамдар жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай |
| 3. | Көрмелер | ✓ толтыру деңгейі 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспауы керек |
| 4. | Марафондар (ашық ауада) | ✓ 1000 адамнан асырмай |
| 5. | Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар | ✓ толтырылуын 80%-дан асырмай |
| 6. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) | ✓ толтырылуын 50%-дан асырмай, |
| 7. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету) | ✓ толтырылуын 50%-дан асырмай, |
| 8. | Ойын клубтары (казино) | + |
| 9. | Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері | + |