(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2014.29.12 № 174 ...

Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 174 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 174 бұйрығымен бекітілген

 

 

Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін анықтайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.