Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 254 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 152 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 101-2 бабы 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Техногендік минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар өндіруге арналған келісімшартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықтың көшірмесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жолдануы;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ғаламтор-ресурстарына және мемлекеттік органдардың ғаламтор-порталдарында осы бұйрықтың орналасуы;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күннің ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.