«Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 бұйрығы

 «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары»;

1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу шарттарын, сондай-ақ тәртібін айқындайды.

2. Сот сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) - қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын арнайы ғылыми білім негізінде, істі шешу үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында жүргізіледі»;

4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.