Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы
(2026.04.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 бұйрығын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2026.21.09. № 935 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2026.21.09. № 935 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.