«Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 Қаулысы (2021.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 66 Қаулысы

(2021.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 43 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.24.02. № 43 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуға тиіс негізгі құжаттар тізбесі және олардың сақталу мерзімдері белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 320 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде сақталуға жататын құжаттардың тізбесін, оларды сақтау мерзімін белгілеу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 320 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 208 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4931 тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.