2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) - лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады.
3. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:
1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.
4. Есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді.
5. Активтері мен міндеттемелері туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша және тәртіппен ұсынылады.
6. Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
7. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны немесе кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуы туралы мәлімет салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен орналастырылады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияда мәліметтерді ұсынбауы немесе онда анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімдердің күшін жоюға негіз болып табылады.
Мыналардың:
осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса - адамға тиісті өкілеттіктер беруден бас тартуға негіз болып табылады.
осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны және (немесе) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынбауы немесе осындай декларацияларда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынуы, егер істелген әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса - Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа алып келеді.
11-баптың 9-тармағы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
9. Мыналар:
1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2021.29.12. № 91-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануға жатады.
Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурстарында персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) орналастырады.
10. Осы баптың 7-тармағының және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптары мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қолданылмайды.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер мен қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
12. Мемлекеттік кіріс органдарына келіп түсетін, осы бапта көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпия болып табылады. Оларды жария ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2025.19.09. № 219-VIII ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2025 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Қызметтік және салықтық құпияны құрайтын мәліметтер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Ескертпелер. 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
2020.19.12. № 384-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау;
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
2. Жекелеген мемлекеттік функцияларды орындау тәртібін реттейтін заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді көздейтін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) алып келеді, оларды сақтамау жұмыстан шығаруға (атқарып жүрген лауазымынан босатуға, өкілеттіктерін тоқтатуға) негіз болып табылады.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына осы адамның әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін ұсынылатын материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді алуға, егер мұндай әрекеттер (әрекетсіздік) осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, құқылы емес.
Ескертпе: Осы Заңда осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері деп оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және асырауындағы және онымен тұрақты тұратын адамдар түсініледі.
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей, олардың шотына келіп түскен ақша, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсу мән-жайлары туралы түсініктеме беріле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамдар және (немесе) олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ олар осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын және 5-тармағын бұза отырып алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға сыйлықтың алынғаны туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамға қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.
Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
13-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға, өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілеріне, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға:
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не осы баптың 2-1-тармағында көзделген, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.18.03. № 175-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті, резервтегі әскери қызмет өткеруді қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға;
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.
Медициналық әскери-есептік мамандыққа сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтірмейтін ақылы медициналық қызметпен айналысуға құқылы.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылмайтын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда) өз бетінше коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, кәсіпкерлік және басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға:
1) егер тиісті қызмет лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірсе;
2) егер тиісті қызмет қызметтік мүлікті пайдалануға алып келсе;
3) мүдделер қақтығысы болған кезде құқылы емес.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруы бойынша шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
2. 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тиісті ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен, ұлттық және өңірлік даму институттарымен, олардың еншілес ұйымдарымен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдарды атқаруға құқылы.
3. 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті осы функцияларды орындау уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
6. 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері мұрагерлікті қабылдау нәтижесінде немесе соттардың шешімдері негізінде немесе аталған адамдардың еркінен тыс өзге де жағдайларда алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.03.01. № 251-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2026 ж. 8 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығына шектеуді белгілеу бөлігінде, егер мұндай шектеу конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсаттарына байланысты болмаса, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 4-тармағына және 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 13 маусымдағы № 19-НҚ нормативтік қаулысымен танылды