Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 11/67 шешімі
(2026.13.03. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2026.24.02. № 29/183 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2026.24.02. № 29/183 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.
2.Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 11/67 шешіміне 1 қосымша
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2026.24.02. № 29/183 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары