Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі Төрағасының 2025 жылғы 24 ақпандағы № 10-9/12 өкімі
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының Сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөліміне осы өкімді Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесі
Төрағасының
2025 жылғы 24 ақпандағы
№ 10-9/12 өкіміне
қосымша
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) қызметінің тәртібін айқындайды, ол:
1) қызметін басқаруды;
2) білім беру және оқу-әдістемелік қызметтерін;
3) ғылыми және халықаралық қызметін;
4) Академияның магистратурасын бітірген тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыруды қамтиды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.