Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 258 Қаулысы
(2018.06.12. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018.06.12. № 308 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облысәкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.