Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 224 шешімі
Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы № 248 шешімімен күші жойылды
Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 24 маусымдағы № 410 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 224 шешіміне қосымша