«Цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 160 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 160 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

 Агенттігінің Төрағасы

 

 

М. Абылкасымова

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын

реттеу және дамыту

агенттігі Басқармасының

2026 жылғы 30 қазандағы

№ 160 қаулысымен

бекітілген

 

 

Цифрлық қаржы активтерінің базалық активтерін сақтау жөніндегі ұйымға

және цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.