«Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрығы

Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрығы

 

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

 Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

 

 

Ж. Мадиев

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Жасанды интеллект және цифрлық

даму министрі 2026 жылғы 3 қыркүйектегі

 № 535/НҚ бұйрықпен бекітілген

 

 

Бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы дербес деректерді бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.