«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығы (2025.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығы

(2025.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.19.05. № 304 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2024.08.10. № 325 бұйрығымен (2024 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.