«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 304 бұйрығы

 «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 304 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-32) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру және «Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.