«Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 01-1491 Қаулысы

Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 01-1491 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Е. Исақұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім

А. Кульгинов

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2021 жылғы 28 сәуірдегі

№ 01-1491 қаулысына

қосымша

 

 

Әкімдіктің күшін жойған кейбір қаулылардың

тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.