Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 116) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 202 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6999 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.