«Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 202 бұйрығы (күші жойылды)

Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 202 бұйрығы

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 451 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Ғылым комитеті (Б.А.Қасымбеков):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. «Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 7 қарашадағы № 707 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3948 болып тіркелген, 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 173-174 (798) «Заң газеті») күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М. К.Орынхановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2011 жылғы 19 мамырдағы № 202

бұйрығымен бекітілген

 

 

Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгі

ережені бекіту туралы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ғылыми ұйымның консультативтік-кеңесші органы Ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық, техникалық) кеңес (бұдан әрі - Кеңес) болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.