Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік берушінің азаматтық авиация персоналын даярлауға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға аударымдары есебінен авиация персоналын даярлауды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қазандағы № 276 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік берушінің азаматтық авиация персоналын даярлауға және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға аударымдары есебінен авиация персоналын даярлауды, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
Көлік министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 1 қазандағы
№ 276 бұйрығымен
бекітілген