(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КРЕДИТТЕРІ БОЙЫНША...

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 528 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 ж. 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) бекітілсін.

2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Кепілдік беру қағидаларының 3-тармағының 3) тармақшасын және 3-тарауының 2-параграфын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 2 шілдедегі

№ 528 қаулысымен

бекітілген

 

 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және инвестициялық жобалар (оның ішінде синдикатталған қаржыландыру және қоса қаржыландыру шеңберінде) мен экспорттық операцияларды қаржыландыру кезінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру тәртібін айқындайды.

Кепілдік беру қағидалары кредитті қайтару, есептелген сыйақыны төлеу және екінші деңгейдегі банкпен жасалған кредиттік шарт бойынша басқа да төлемдерді төлеу бойынша өзіне міндеттеме қабылдаған, сондай-ақ «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының кепілдігін алған заңды тұлғаларға (бұдан әрі - кәсіпкерлік субъектісі) қолданылады.

2. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.