Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 386 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 386 бұйрықпен
бекітілген
Басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеу және оларды басқару
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер