«Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 мамырдағы № 573 бұйрығы
«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу қағидаларын, Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9609 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 134 (2528) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комиссияны конкурсты жеңіп алған Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік (бұдан әрі - Кәсіптік бірлестік) құрады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның төрағасын оның құрамы қалыптасқаннан кейін Комиссия мүшелері сайлайды. Комиссияның төрағасы болып оқу ұйымдарының мүшелері қатарынан олардың көп дауыс жинаған өкілі сайланады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: