Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 367 бұйрығына 2-қосымша) (2017.25.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 23 маусымдағы

№ 367 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру

қағидалары

(2017.25.04. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Осы Қағидалар «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері болуға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі біліктілік комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

ҚР Ішкі істер министрінің 2016.28.05. № 573 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Комиссияны конкурсты жеңіп алған Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік (бұдан әрі - Кәсіптік бірлестік) құрады.

3. Комиссия Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын жүргізуге кандидаттарды даярлаумен және оқытумен айналысуға ниет білдірген адамдарға «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері», «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау мақсатында құрылады.

4. Комиссия мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ереженің (жарғының) негізінде әрекет етеді.

5. ҚР Ішкі істер министрінің 2016.28.05. № 573 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Кәсіптік бірлестік оның мүшелері болып табылатын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының (бұдан әрі - оқу ұйымы), жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайына құрылып жатқан Комиссияның құрамына қосу үшін кандидатуралар ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

Комиссияның құрамына қосу үшін оқу ұйымдары ұсынған кандидатуралардың қатарынан Кәсіпкерлік бірлестіктің басқару органы Комиссияны қалыптастырады.

Комиссияның құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.