«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № А-3/121 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/678 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 14 наурыздағы
№ А-3/121 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қазандағы
№ А-11/489 қаулысымен
бекітілді
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары
тізім