«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 36 бұйрығы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 36 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен күші жойылды

 

«Құқық қорғау органдары туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде № 141 (27762) 2014 жылғы 23 шілде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына:

3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен (бұдан әрі - Құқық қорғау органдары академиясы) - Құқық қорғау органдары академиясының ректорымен.»;

5-тармақтың 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;»;

5-тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.