«Салықтың және (немесе) төлемақылардың есептелген сомасы туралы хабарламалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 550 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 658 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтың және (немесе) төлемақылардың есептелген сомасы туралы хабарламалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 550 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36985 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қаржы министрі
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 658 бұйрығына
1-қосымша
Қаржы министрінің
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 550 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарлама
| 20___ жылғы «____» _____________ | № __________ |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағына және 82-бабы