«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 264 бұйрығы

«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 264 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) астық нарығы жөніндегі оператор (бұдан әрі - оператор) - астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын және жемдік қорды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) астықтың резервтік қорын басқару - астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға, өткізуге және айырбастауға бағытталған қызметі;»;

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.