Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығы
(2025.15.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.05.05. № 175 бұйрығымен (2023 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024.06.06. № 189 бұйрығымен (2024 ж. 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін:
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында ораналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.