«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 5 мамырдағы № 175 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: