«Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 маусымдағы № 189 бұйрығы

 «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 6 маусымдағы № 189 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабы 32-6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және астықтың резервтік қорын басқару тәртібін айқындайды.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Оператор астықтың резервтік қорын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың резервтік қорының бар-жоғы туралы есепті ұсынады.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.