Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 20-119 шешімі
Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының «Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190684 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 489 369 394 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 50 404 525 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 16 292 824 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 422 655 045 мың теңге;
2) шығындар 491 408 340 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 25 704 368 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 42 447 445 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 16 743 077 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 30 622 869 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
30 622 869 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 36 826 995 мың теңге;
қарыздарды өтеу 11 615 628 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 5 411 502 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 7, 8, 14 және 15-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2024 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 10 221 495 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
білім беруге 4 297 084 мың теңге;
әлеуметтік көмекке 647 091 мың теңге;