«Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 шешімі (2024.18.11. берілген өзгерістермен)

Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 шешімі

(2024.18.11. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Жетісу облыстық мәслихатының 2024.29.03. № 15-95 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.17.05. № 16-100 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.28.06. № 17-108 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.16.09. № 20-119 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2024.18.11. № 23-137 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 478 127 723 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер бойынша 40 055 979 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша 15 783 871 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 36 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 422 251 873 мың теңге;

2) шығындар 486 593 428 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 15 509 833 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 32 251 910 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 16 742 077 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 2 879 555 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 2 879 555 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 26 855 093 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.