«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығы

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

2025 жылғы 12 қыркүйектегі

№ 492 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi

 

1. Андорра Княздігі.

2. Антигуа және Барбуда.

3. Багам Аралдары Достастығы.

4. Барбадос.

5. Бахрейн Корольдігі.

6. Белиз.

7. Бруней Даруссалам.

8. Вануату Республикасы.

9. Гайана Кооператив Республикасы.

10. Гватемала Республикасы.

11. Гренада.

12. Джибути Республикасы.

13. Доминика Республикасы.

14. Доминика Достастығы.

15. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).

16. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).

17. Колумбия Республикасы.

18. Комор Аралдары Достастығы.

19. Коста-Рика Республикасы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.