«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 305-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық

заңдарына оларды Қазақстан Республикасының

Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының

сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:

1) бүкіл мәтін бойынша:

«Парламенті Сенатының және Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі мен», «Парламенті Мәжілісінің және», «Парламентінің және мәслихаттарының», «Парламент депутаттарын», «Парламенттің депутаттарын», «Парламент депутаттарының», «Қазақстан Республикасы Парламенті», «Парламент және мәслихаттар», «Парламент, мәслихаттар», «Парламенттің және мәслихаттардың», «Парламент Мәжілісінің және», «Парламент Мәжілісінің», «Парламент Мәжілісі депутаттарының», «Парламент депутаты», «Парламенттің, мәслихаттардың», «Мәжілістің депутаттарын», «Парламент, мәслихат», «Республика Парламенті депутаттарын», «Парламент депутаттығына», «Мәжіліс Төрағасының», «Парламент депутаттары», «Республика Парламенті Мәжілісінің», «Мәжіліс депутаттары», «Парламент немесе Парламент Мәжілісі», «Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің», «Парламентті немесе Парламент Мәжілісін», «Мәжіліс депутаттығына», «Парламент Мәжілісінің депутаттығына», «Парламент Мәжілісі депутаттарын», «Мәжіліс депутаттарының», «Мәжіліс депутаттарын», «Мәжіліс депутаттары», «Парламент Мәжілісінің депутатын» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтай мен», «Құрылтайы мен», «Құрылтайы мен мәслихаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «Құрылтай мен мәслихаттар», «Құрылтай, мәслихаттар», «Құрылтай мен мәслихаттардың», «Құрылтай мен», «Құрылтайдың», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаты», «Құрылтайдың, мәслихаттардың», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай, мәслихат», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай Төрағасының», «Құрылтай депутаттары», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай», «Құрылтайдың», «Құрылтайды», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай депутатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Республика азаматтарының», «Республикадағы», «Республика азаматының», «Республика Президентін», «Республиканың», «Республика аумағында», «Республика сайлау комиссияларының», «Республика Үкіметіне», «Республика Президенттігіне», «Республика бойынша», «Республика астанасы», «Республика заңдарына», «Республика Президенті», «Республика Сыртқы», «Республика азаматтары», «республикадағы», «Республика Президентінің», «Республика Конституциялық Кеңесінің», «Республика Президентіне», «Республика астанасының», «Республика Конституциялық Сотының», «Республика Премьер-Министрінің», «Республиканы», «Республика мәслихаттары», «Республика Конституциясында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы азаматының», «Қазақстан Республикасының Президентін», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының аумағында», «Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының», «Қазақстан Республикасының Үкіметіне», «Қазақстан Республикасының Президенттігіне», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының астанасы», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Сыртқы», «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы астанасының», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің», «Қазақстан Республикасын», «Қазақстан Республикасының мәслихаттары», «Қазақстан Республикасының Конституциясында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«таңдаушылар», «(таңдаушылардың)», «(таңдаушылар)», «таңдаушылардың», «таңдаушы», «(таңдаушы)», «(таңдаушыларға)», «(таңдаушылармен)», «(таңдаушының)» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармағының 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

2) 1-бапта:

«аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;

орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

1-тармағының 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

3) 3-бапта:

1-тармақтағы «аудандар, облыстық маңызы бар қалалар,» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақ алып тасталсын;

4) 4-бапта:

3-тармақтағы «іс-әрекетке» деген сөз «әрекетке» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мыналар:

1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған;

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат бола алмайды.»;

5) 7-бап алып тасталсын;

6) 9-бапта:

1-тармақтың бірінші абзацындағы «, Парламент Сенатының депутаттарын» деген сөздер алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Құрылтай депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде сайланады.»;

3-тармақтағы «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер тиісінше «Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар», «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 10-баптың 3-тармағында:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.»;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Жаңадан құрылған немесе қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі тиісті сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.»;

1-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

8) 11-баптың 4-1-тармағында:

«ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Орталық сайлау комиссиясының ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ведомстволық бағынысты ұйым сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында дербес деректерді жинау мен өңдеуді субъектінің келісімінсіз жүзеге асырады.»;

9) 12-бапта:

2) және 2-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Президенттің және Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;

2-1) саяси партияларды Құрылтай депутаттарын және мәслихат депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;»;

2-2) тармақша алып тасталсын;

5) тармақшадағы «Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі» деген сөздер «Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ олардың қорғалу дәрежесін, сайлаушылар тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған және әкім болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған, мөлдір материалдан жасалған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді; Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;»;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;»;

13) тармақша алып тасталсын;

1-тармағының 9) тармақшасының он екінші абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

16-7) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;

10) 14-бапта:

4-1) тармақшадағы «және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын» деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі мәслихат депутаттарын, әкімді сайлауды өткізуді жарамсыз деп таниды;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) мәслихаттар депутаттарын, әкімді қайта сайлауды, сондай-ақ мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;»;

11) 15-1-баптың 1-тармағындағы «Парламент Мәжілісінің және» деген сөздер алып тасталсын;

12) 16-1-баптың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларындағы «Парламент Мәжілісінің және» деген сөздер алып тасталсын;

13) 18-баптың 4-1) тармақшасындағы «мүмкіндігі шектеулі» деген сөздер «мүгедектігі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 19-бапта:

2-тармақтағы «заң актілерімен» деген сөздер «заңдарда» деген сөзбен ауыстырылсын;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Мыналар:

сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған адам;

сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам;

сот әрекетке қабілетсіздігін таныған немесе сот әрекетке қабілеттілігін шектеген адам;

халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.»;

3-тармақта:

бірінші бөліктегі «облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөліктегі «66-бабының 9-1) тармақшасына» деген сөздер «65-бабының 8) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы өкілеттік мерзімі шегінде аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыруын:

бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу;

оқу демалысында болу кезеңіне тоқтата тұрады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сайлау комиссиясы мүшесінің тарапынан лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бұзу анықталған кезде сайлау комиссиясы ескерту жасауға құқылы.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын сайлау комиссиясы мүшесінің лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын алты ай ішінде, өзге сайлау комиссиясы мүшесінің сайлау науқаны ішінде бірнеше рет бұзуы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихаттың тиісті аумақтық сайлау комиссиясының немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сайлау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктерін тоқтатуына алып келеді.»;

8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жоғары тұрған сайлау комиссиясы қажеттілік болған кезде уақытша бос орынға өкілеттік мерзімі тоқтатыла тұрған сайлау комиссиясының мүшесі шыққанға дейін сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.»;

15) 20-бапта:

2-тармақтың 2) тармақшасындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақтың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері алып тасталсын;

8-тармақ «тапсырмасы болған кезде» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган есепке қойған» деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ақы төлене отырып, өздерінің қалауымен комиссияның шешімі бойынша өндірістік немесе қызметтік міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.

Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болатын мүшелерінің сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде негізгі жалақысы сақталады.

Сайлау комиссияларының өзге де мүшелеріне осы кезеңде сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебімен жалақы белгіленеді.

Бұл ретте жалақыны есептеу нақты жұмыс істеген уақыт үшін жүргізіледі.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлауды өткізуге бөлінген қаражат есебінен ең төмен үш жалақы есебі негізге алына отырып жүзеге асырылады.»;

16) 20-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылар ретінде жіберіледі.»;

17) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«21-бап. Сайлау округтері мен олардың жүйесі

1. Қазақстан Республикасында мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтері жүйесі құрылады және пайдаланылады.

2. Қазақстан Республикасының Президентін және Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы біртүтас жалпыұлттық сайлау округі болып саналады.

3. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді сайлау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аумақтық сайлау округі құрылады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері өңірлердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.

4. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде қалалық және ауылдық жергілікті қоғамдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтері құрылады.»;

18) 22-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;

1-тармағының 19) тармақшасының бірінші - бесінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

19) 23-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлімдерде, сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде олардың орналасқан жері, кеменің тіркелген порты немесе тұрған жері бойынша тиісті сайлау округтеріне кіретін сайлау учаскелері құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі орналасқан аумақтағы сайлау округіне қарайтын сайлау учаскелері құрылады.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сайлау учаскелерінің жұмыс істеу ерекшеліктері олардың өткізу режимінің ішкі тәртібі болған кезде соған сәйкес айқындалады.»;

5-тармақ «шекаралары» деген сөзден кейін «және сайлау комиссияларының орналасқан жерлері» деген сөздермен толықтырылсын;

1-тармағының 20) тармақшасының бірінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

20) 24-бапта:

1-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;

4-тармақта:

екінші сөйлем «әкесінің аты» деген сөздерден кейін «(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші сөйлем алып тасталсын;

1-тармағының 20) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері аталған мекемелердің басшылары, тиісті әкімдер, аталған өкілдіктердің басшылары мен кеме капитандары ұсынған деректер негізінде жасалады.

Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері дауыс беру күнінің алдындағы күндегі жағдай бойынша міндетті түрде нақтылануға тиіс.»;

9-тармақ алып тасталсын;

1-тармағының 21) тармақшасының бірінші - үшінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

21) 25-бапта:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелері бойынша дауыс беруді өткізетін күні аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болатын азаматтардың бәрі;»;

2-тармақ алып тасталсын;

1-тармағының 22) тармақшасы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

22) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«26-бап. Сайлаушылардың тізімдерімен таныстыру

1. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға өздері туралы деректермен танысу үшін дауыс беру күнінен он бес күн бұрын ұсынылады.

Әскери бөлімдерде, Қазақстан Республикасына қарайтын және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, стационарлық жағдайда емделіп жатқан, шалғай жерде және қатынасу қиын аудандарда орналасқан, азаматтар тұратын мекендерде, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелерінде, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі шет елдердегі мекемелерінің жанынан құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушыларға сайлаушылардың тізімдері өздері туралы деректермен танысу үшін дауыс беру күнінен бес күн бұрын (өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды өткізу кезінде құрылған сайлау учаскелерінде - дауыс беру күнінен жеті күн бұрын) ұсынылады.

2. Әрбір азамат сайлаушылар тізімдеріндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніне, дұрыс енгізілмегеніне немесе тізімнен шығарып тасталғанына, сондай-ақ тізімдегі сайлаушы туралы деректерде дәлсіздіктердің жіберілгеніне шағым жасауға құқылы. Сайлаушылардың тізімдеріне енгізу, олардан шығарып тастау не тізімдерге түзетулер жасау қажеттілігі туралы өтініштерді тиісті сайлау комиссиясы өтініш сайлау комиссиясына келіп түскен күні қарайды. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда өтініш берушіге оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешімнің көшірмесін дереу береді. Шешімге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиісті сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Өтініш беруші үшін оң шешім қабылданған жағдайда сайлаушылар тізімін түзетуді немесе тізімге енгізілмеген сайлаушыны енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді.

3. Дауыс беру күнін қоспағанда, учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс графигін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.»;

23) 27-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Шетелдіктердің» деген сөз «Шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарына;»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Толтырылған бюллетеньнің фото- және (немесе) бейнетүсірілімін жүзеге асыруға және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.»;

24) 28-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «заң актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақта:

үшінші бөліктегі «Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар,», «Парламент Мәжілісі мен» деген сөздер алып тасталсын;

алтыншы бөліктегі «Онлайн-платформаларды» деген сөздер «Өздерінің интернет-ресурстарын, онлайн-платформалардағы аккаунттарын пайдаланатын саяси партиялар мен кандидаттарды қоспағанда, онлайн-платформаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші бөлікте:

«партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі» деген сөздер «Құрылтай» деген сөзбен ауыстырылсын;

«Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын,» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтың бірінші бөлігі «материалдарын таратуға» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ ағымдағы науқанға арналып дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;

25) 29-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Президенттікке, мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгерту, аумағының тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіру, соғыс, қарулы қақтығыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни басымдық немесе алауыздық, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру идеясы, сондай-ақ осындай әрекеттерге шақыру уағыздалмауға тиіс.»;

26) 31-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сенім білдірілген адам Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы болуға тиіс, ол Президенттікке, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мүше болуға кандидат, қандай да бір сайлау комиссиясының мүшесі, саяси мемлекеттік қызметші лауазымындағы адам болмауы керек.»;

27) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Дауыс беру күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады.»;

28) 33-бапта:

1-тармақ «сайлауы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған мәслихаттар депутаттарын кері шақырып алу» деген сөздермен толықтырылсын;