«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығы

 

«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 27 тамыздағы

№ 302 бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірде № 129-130 (26550-26551) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.