«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығы (2019.22.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығы

(2019.22.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығының;

2) «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.К. Кукамбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.