«Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 88 Қаулысы

 «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 20 қазандағы № 88 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Д.А. Тайшибаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Ұлттық

Банкінің Төрғасы

 

Г. Пирматов

 

Қазақстан Ұлттық

Банкінің Төрғасы

2022 жылғы 20 қазандағы

№ 88 қаулыға

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2013 жылғы 28 маусымдағы

№ 149 қаулысымен

бекітілді

 

 

Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.