Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 Қаулысы
(2022.25.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлар тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.31.08. № 588 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.25.04. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 568 қаулысына
қосымша
Таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі