Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығы
(2024.01.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024.14.06. № 294 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә.Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Б.С. Әбдірәсіловке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.