«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 322-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

44-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру жəне оның нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасының газ жəне газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».

2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:

2-тармағының 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 124-1-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасы Қазақстан Республикасының газ жəне газбен жабдықтау туралы заңнамасына сəйкес, коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады.»;

3-тармақ «бағаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бекітілген тұтыну нормаларын асырып жіберген жағдайда, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалған бағасын» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 124-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі желілеріне қосылмаған көппəтерлі тұрғын үй үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;»;

3) 124-8-бап:

1) тармақшаның жетінші абзацы «тауарлық газды» деген сөздерден кейін «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздермен толықтырылсын;

4-1) тармақшаның екінші абзацы «тауарлық газды» деген сөздерден кейін «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздермен толықтырылсын.

3. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:

120-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

«17. Автогаз құю станцияларын салу Қазақстан Республикасының газ жəне газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.».

4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

2-7) тармақша «арналған аукциондық сауда-саттыққа» деген сөздерден кейін «немесе жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттыққа» деген сөздермен толықтырылсын;

2-8) тармақша:

«арналған аукциондық сауда-саттықты» деген сөздерден кейін «жəне жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты» деген сөздермен толықтырылсын;

«тəртіппен аукциондық сауда-саттықты» деген сөздерден кейін «жəне жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты» деген сөздермен толықтырылсын;

2-16) жəне 2-17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2-16) гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - өзін-өзі өтеушілік кезеңінде тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды, инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын, электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды, техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалану əзірлігін ұстап тұруға арналған шығындарды қамтитын, осы Заңда көзделген тəртіппен индекстеуге жəне түзетуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған немесе техникалық-экономикалық негіздеме негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тариф;

2-17) гидроаккумуляциялайтын электр станциясы - электр энергиясын жинақтауды жəне өндіруді жүзеге асыратын су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар кешені жəне жабдығы бар гидроэлектр станциясы;»;

мынадай мазмұндағы 2-18), 2-19) жəне 2-20) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-18) диспетчерлік технологиялық басқару - диспетчер жүзеге асыратын, автоматтандырылған диспетчерлік жəне технологиялық басқару жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау мен басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою жəне оларды жою шараларын қабылдауды талап ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға жəне өңдеуге арналған процесс;

2-19) жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттық (бұдан əрі - жобалық аукциондық сауда-саттық) - аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы цифрлық жүйеде аукцион негізінде ұйымдастыратын жəне өткізетін, гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іріктеуге жəне олардың электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;

2-20) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф - жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды жəне инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уəкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;»;

4-тармағы 1) тармақшасының он үшінші жəне он төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

22) тармақшадағы «энергия өндіруші ұйыммен жəне (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;

48) тармақшадағы «шарттар» деген сөз «электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, шарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармағы 2) тармақшасының бірінші жəне екінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2) 5-бапта:

70-34) тармақшадағы «Тізілімге» деген сөз «Тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан əрі - Тізілім)» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармағы 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 70-56) тармақшамен толықтырылсын:

«70-56) электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын əзірлеп, бекітеді;»;

3) 6-бапта:

4-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «жоспардан тыс» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақ 5) тармақшасындағы «жүргізуіне жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізуіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалуына жүзеге асырады.»;

4-тармағы 4) тармақшасы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

1. Энергия беруші жəне энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар жəне хабарламалар туралы заңнамасына сай лицензиялануға тиіс.

2. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сай келетін ұйымдарға беріледі:

1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (кəбілдік немесе əуедегі электр беру желілерінің) болуы;

2) коммуналдық меншіктегі жəне қызметін бір мезгілде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) жəне 14) тармақшаларына сəйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушының болуы.

3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді, тоқтата тұруды, оның қолданысын қайта бастауды, кері қайтарып алуды уəкілетті орган «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жəне осы Заңда белгіленген тəртіппен жəне негіздерде жүзеге асырады.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы:

1) электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу кезінде лицензиат ұсынған материалдарда анық емес мəліметтер анықталған;

2) бақылау органының Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасы белгіленген мерзімде орындалмаған;

3) лицензиат уəкілетті органға ерікті түрде жүгінген жағдайларда алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сəйкес өзінің электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды жалғастырады.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті тоқтата тұруға негіз болған ескертулер тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін жойылмаған жағдайда уəкілетті орган тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу рəсіміне бастамашылық жасайды.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау лицензиаттың «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 жəне 7-тармақтарында белгіленген тəртіппен жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.

Электр желілерінің меншік иесі электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия кері қайтарып алынған кезден бастап осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сəйкес өз желілерін алты ай ішінде беруге міндетті.

4. Бақылау органы «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестікке жүргізілетін тексерулерді энергия беруші ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырады.»;

5) 12-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

«10. Осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-1), 1-2) жəне 1-3) тармақшаларына сəйкес электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті іске асыратын қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларының жəне гидроаккумуляциялайтын электр станцияларының мүліктік кешені іс жүзінде өзін-өзі өтеушілік мерзімі басталған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекет меншігіне техникалық жарамды күйде өтеусіз негізде берілуге тиіс.»;

4-тармағының 6) тармақшасы 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

6) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелеріне өздерінің 15 кВт-қа дейінгі электр желілеріне жаңа тұтынушыларды қосуға жəне қосылуға техникалық шарттар беруге жол беріледі.»;

4-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

7) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін электр беру желілерін салуға жəне пайдалануға концессиялық шарттар жасасқан, қызметін лицензия алмай жəне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүзеге асыратын жүйелік операторды, электр желілерінің меншік иелерін қоспағанда, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін электр желілері меншік иелерінің электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы міндетті.

2. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі желілеріне өзінің электр желілері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен толық көлемде өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде сенімгерлік басқаруға немесе қайта құру арқылы беруді жүзеге асырады немесе осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасына сəйкес электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы беруді жүзеге асырады.

Электр желілерін үлестес энергия беруші ұйымдар арасында сатып алуға жол берілмейді.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілері меншік иесінің мұндай желілерді олар электр желілеріне қосылмаған энергия беруші ұйымға беруге құқығы жоқ.

Бұл ретте басқа энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосылмаған, сондай-ақ ұлттық электр желісіне жəне (немесе) энергия өндіруші ұйымдардың шиналарына тікелей қосылған электр желілері бір аумақтық бірліктің (облыстың) аумағындағы жақын орналасқан өңірлік электр желілік компанияға беріледі.

Энергия беруші ұйымдарға (желілеріне тікелей қосылған) өткізу (сату) кезінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері активтерінің құнын бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес қалдық құны бойынша жүзеге асырылады.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері активтерінің құнын бағалауды сатып алатын энергия беруші ұйым жүргізеді.

Бұл ретте құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, мұндай электр желілері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес иесіз деп танылады.

3. Өз мұқтажы үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері өз желілеріне олар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.

4. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығында тиесілі электр желілерін энергия беруші ұйымның (желісіне тікелей қосылған) балансына өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, энергия беруші ұйымның мұндай беруге кедергі келтіруге құқығы жоқ.

Құқық белгілейтін құжаттар болған кезде техникалық құжаттаманың болмауы электр желілерін энергия беруші ұйымның балансына қабылдаудан бас тартуға негіз болмайды.

5. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі өзіне тиесілі электр желісінің жекелеген бөлігіне (жекелеген бөліктеріне) меншік құқығын электр желісінің осы бөлігі (осы бөліктері) желісіне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға беруге құқылы.

6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған электр желілерінің меншік иесі:

1) осы баптың 2-тармағына сəйкес толық берілгенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға, олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін əрекеттерге жол бермеуге;

3) электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы өтеусіз негізде беруді, электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы беру кезінде қосуды жəне өзге де қызметтерді ақы алмай ұсынуды жүзеге асыруға;

4) өзінің электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабына өтемақыны қамтамасыз етуге;

5) өзінің желілері арқылы тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін əрекеттерге жол бермеуге міндетті.

7. Энергия беруші ұйымдар осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында жəне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында көзделген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сəйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметке арналған тарифті қайта бекітуге өтінім беруді қамтамасыз етеді.

8. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға тиіс.»;

8) 15-3-бапта:

3-1-тармақта:

1-2) тармақшада:

бірінші бөлікте:

«қуаты», «оның ішінде» деген сөздер «қуаты», «оның ішінде осы Заңның 15-13-бабында көзделген іріктеу өлшемшарттарына сəйкес келгенде» деген сөздермен ауыстырылсын;

«жалға жəне» деген сөздер «мүліктік жалдауға (жалға) немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;

«генерациялайтын қондырғылар» деген сөздерден кейін «(бұдан əрі - қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясы) жəне (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын» деген сөздермен толықтырылсын;

«қызметке жеке тариф,» деген сөздер «қызметке арналған жеке тариф, гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф,» деген сөздермен ауыстырылсын;

«осы ұйымның электр қуатының əзірлігін ұстап тұруы» деген сөздер «электр қуатының əзірлігін ұстап тұру» деген сөздермен ауыстырылсын;

«мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған» деген сөздер алып тасталсын;

екінші бөліктегі «Электр» деген сөз «Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциялары үшін электр» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «Осы энергия өндіруші ұйым» деген сөздер «Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

«1-3) жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы əрбір шарт үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі жобалық аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;»;

мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

«11. Жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үлгілік шарттар негізінде уəкілетті органмен жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станциясын салуға шарт жасасады, ол үлгілік шарттар бойынша уəкілетті орган (қажет болған кезде):

гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар бөлігінде өзін-өзі өтеушілік кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректеріне сəйкес инфляция деңгейіне немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріліп, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жыл сайынғы индекстеу деңгейіне жыл сайынғы индекстеуді;

гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар, материалдар, еңбекке ақы төлеу, үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер немесе басқа да ресурстар құнының өзгеруіне байланысты техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалану əзірлігін ұстап тұруға жұмсалған шығындар бөлігінде түзетуді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үшін уəкілетті орган гидроаккумуляциялайтын электр станцияларының құрылысы басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін жəне гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.

Іс жүзінде өзін-өзі өтеушілік мерзімі басталған кезде гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифке уəкілетті орган айқындаған əдістеме бойынша белгіленген пайда нормасы ескеріле отырып, қазіргі электр қуатын ұстап тұруға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар, техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалану əзірлігін ұстап тұруға жұмсалатын шығындар қосылады.»;

4-тармағы 9) тармақшасының бірінші - жетінші абзацтары 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

9) 15-4-бапта:

5-1-тармақта:

«жасалатын» деген сөзден кейін «негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты» деген сөздермен толықтырылсын;

«инвестициялық келісімдерді» деген сөздер «жəне дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық əл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдығына қатысты инвестициялық келісімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық əл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдыққа инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінен техникалық шарттарға сəйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне барабар үлес қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған жəне (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына енгізілген электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты шегеріледі.

Осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда уəкілетті орган айқындаған тəртіппен түзетілуге тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты уəкілетті органға осындай инвестициялық келісім жасалған күннен бастап тоқсан сайын береді.

Қосалқы жабдыққа қатысты уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда уəкілетті орган бірыңғай сатып алушыға қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

Қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде ұсынылмаған жəне (немесе) уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім орындалмаған жағдайларда уəкілетті орган осы инвестициялық келісімді өзі айқындаған тəртіппен бұзуға құқылы.

Бірыңғай сатып алушы осы тармақтың шеңберінде алынған қаражатты электр қуатының алдағы жылдағы жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасын төмендетуге бағыттайды.»;