«Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 126 бұйрығы

Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 126 бұйрығы

 

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі

2022 жылғы 21 сәуірдегі

 № 126 бұйрықпен бекітілген

 

 

Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу

қағидалары

 

1. Осы қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 8-1-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.