Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 20/168 шешімі
Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 27 наурыздағы
№ 20/168 шешіміне қосымша
Балқаш қалалық мәслихатының
2023 жылғы 3 қарашадағы
№8/71 шешіміне 1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер