«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы
(2025.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.21.10. № 396/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 136) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020.21.10. № 396/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.09. № 611/НҚ бұйрығымен (2025 ж. 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):